Тұтыну бағаларының индексі бір айда баяулап, 2023 жылғы маусымда 0,5% құрады (ағымдағы жылғы мамырда – 0,6%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусымда баға жиhаз бен үйге қажетті заттарға 2,6% өсті, шабадандар, жол сөмкелері – 1,4%, велосипедтер – 1,2%, жеке қолданатын заттар бағасы 1% қымбаттады. Мамырмен салыстырғанда маусымда құрылыс материалдары – 0,8%, киім және аяқ киім, фармацевтика өнімдері – әрқайсысы 0,7%-дан өсті. Бензин АИ-95/96 – 1,1%, баллондағы сұйытылған газ 0,7% қымбаттады.
Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыруға – 8,8%, санаторийлер қызметтеріне – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,4%, денсаулық сақтау қызметіне 0,9% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында картоп бағасы 9,9%, жүзім – 4%, лимон – 3,9%, алма – 3,1% өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға, салқындатылған сусындарға 2,4%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына 1,8% байқалды. Банан – 10,6%, жаңа жиналған көкөніс – 8,8%, жұмыртқа – 5,9%, күнбағыс майы – 4,2%, қарақұмық жармасы – 4,1% арзандады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Ақтөбе облысында 0,1% тіркелді. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады.
Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
2023 жылғы маусым |
|
2022 жылғы маусымға |
2023 жылғы мамырға |
|
Тауарлар мен қызметтер |
14,6 |
0,5 |
Азық-түлік тауарлар |
14,6 |
0,2 |
Азық-түлік емес тауарлар |
15,8 |
0,7 |
Ақылы қызметтер |
13,3 |
0,6 |
2023 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 14,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,8%, ақылы қызметтер 13,3% өсті.
2022 жылғы маусыммен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,7%, қияр – 33,4%, кір сабын – 42,1%, ыдысты жууға арналған құралдар – 41%, қантсыз қоюландырылған сүт – 42,9%, күріш – 47,6%, күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%, шақпақ қант 32,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 13,8%, сәбіз – 9,5%, картоп – 9,1%, у сарымсақ – 5,4%, қызылша 6,9% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.
Есепті деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,4%, қызметтердікі – 55,7% құрады.
Ең жоғары өсім құрылыс – 115,7%, ақпарат және байланыс – 112%, көтерме және бөлшек саудада сату – 111,1% салаларында байқалды.
ЖІӨ-нің нақты көлем индексіндегі ең үлкен салым Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1,5%, өңдеу өнеркәсібі – 0,8% және құрылылыс – 0,6% салаларына тиесілі.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% құрады.
2023 жылғы I тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,1%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (1,9%) тіркелді.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы I тоқсанының қорытындысы бойынша 8,5%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Анықтама үшін: Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.ҚР бойынша 2023 жылғы I тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45948 теңгені құрады.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметінің сарапшылары аграрлық сектордың статистикасын жақсарту мәселелері бойынша семинар өткізді
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметінің сарапшылары Виллиам Вагнер мен Люкенбэх Дэвид Карл Ұлттық статистика бюросының, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне аграрлық сектор статистикасы мәселелері бойынша семинар өткізді.
Оқыту барысында бастапқы деректерді редакциялау, жерді қашықтан зондтау деректерін статистикалық мақсаттарда пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мамандар статистикалық нысандардың бланкілерін тестілеу ерекшеліктері мен деректерді жинау әдістері жайында айтты.
Еске салайық, 2023 жылдың наурызында Бюро мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметі арасында ауыл шаруашылығы статистикасын жақсартуға бағытталған бірлескен жоба іске қосылған.
Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің Ақсу қалалық статистика басқармасының басшысы Асхат Кенжебаев «Үздік мемлекеттік қызметші-2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Байқауды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және еліміздегі үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтау мақсатында ұйымдастырған.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен 609 мемлекеттік қызметші қатысты. Конкурс шарттары бойынша оған мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл өтілі бар, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алды.
Бірнеше кезеңмен өткен байқаудың қорытындысы бойынша 10 мемлекеттік қызметші жеңімпаз атанды, олардың арасында Бюромыздың қызметкері Асхат Кенжебаев та бар. Байқау аясында ол моноқалаларды дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар ұсынды, онда ол қала құрушы кәсіпорындардың айналасында ШОБ субъектілерінің белдеуін құру, индустриялық аймақтарды құру және дамыту мәселелеріне тоқталды.
«Қызметім мен қабілетіме осындай баға алғаныма ризамын. Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік. Байқаудың барлық кезеңінде қолдау көрсеткен қазылар алқасына, ұйымдастырушыларға және ұжымыма алғысым шексіз», – дейді А.Кенжебаев.
Асхат Кенжебаев Павлодар облысының тумасы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын бітірген. Бюрода 2022 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жыл.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз, қызметінде одан ары табысты болуын тілейміз.
2023 жылғы сәуірде есепке 171,4 мың бірлік автокөлік құралы1) қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – әрқайсысы 2,4 есе артты, жүк автомобильдері 2,5 есе артты.
Мәселен, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 730,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы – жеңіл автомобильдер, 10,3%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 48,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,1%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6,3% және автокөлік құралдарының тек 9,2%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем. Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 жылдан асатын автомобильдер саны 2%-ға азайған.
2023 жылғы сәуірде 3353 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4785 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8%-ға азайды.2)
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 20,9 млн. теңге сомасына 37276 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды 2)
Ұлттық статистика бюросында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Делегаттарды қарсы алған Бюро басшысы Жандос Шаймарданов ЖОО өкілдеріне академия студенттерінің деректер жөніндегі сауаттылығын арттырудағы меморандум аясындағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Бүгінде аталған келісім аясында академия студенттері статистика негіздері бойынша Бюро әзірлеген «Data literacy» курсынан өтіп жатыр.
Кездесу барысында ақпараттық есептеу орталығының Талдамалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Сәрсен Жанабеков «Мемлекеттік статистика мен ұлттық деректер экожүйесін дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде бюроның реформалаудағы негізгі бағыттарын атап өтті. Спикер талдау жасау әлеуеті мен деректерді таратудағы қолжетімділікті кеңейту мәселесіне де тоқталды.
Бүгінгі таңда академиялық ортамен ынтымақтастық орнатылып, зерттеушілерге микродеректерді ұсыну мүмкіндігі бар. Stat.gov.kz ресми сайтында макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша интерактивті дэшбордтар жарияланған.
Бюро қызметкерлерінің өздері талдау, деректерді визуализациялау және болжамды талдау жасау курстарынан өтіп жатыр. Сондай-ақ кездесу барысында қазақстандық статистиканы дамытуға, ілгерілетуге және қолдауға бағытталған университеттің ғылыми және білім беру платформаларымен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, тараптар Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің ғылыми зерттеулерін жүргізу, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының бағыты бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Оған қоса отырыста мемлекеттік қызметшілерді түпкілікті аналитика саласында қайта даярлаудан өткізу мәселесі де қаралды.
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-мамырда 2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 104,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 518924 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,9% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 509868 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 413299 құрады, оның ішінде 404391 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы мамырда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,6%, азық-түлік емес тауарларға – 4,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,0% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы мамырда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,8% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 166981 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы сәуірге қарағанда 10,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,2% төмендеді.
2023 жылғы мамырда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы мамырдың соңына 297,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3,1%.
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады. Аталған уақыт аралығында 18 789,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 8 791,9 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 8673 млрд. теңгеге (46,2%).
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,1% байқалды.
Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.
Шикі мұнайды (102,4%), табиғи газды (101,3%), темірді қоспағанда, кенді (103,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (120%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазудағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс индексі 103,3% құрады. Өсім тамақ өнімдері – 6,5%, сусындар – 5,8%, өңделген мұнай өнімдері – 4,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,7%, өзге де минералды бейметалл өнімдер – 4,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 11,1%, машина жасау бойынша 31,9% байқалды.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында белгіленді.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 8 999,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 12% көбейді*.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде тауарлар экспорты 3 536,1 млн. АҚШ доллары (47% көп), импорт – 5 463,4 млн. АҚШ доллары (3% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,2%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,5%, Беларусқа – 3,2%, Арменияға 0,1% келеді.
ЕАЭО елдерімен эскпорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,2%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 26,7%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20,5%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,6%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 17,4%.