Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 102,9% құрады. Осы кезеңде барлығы 27 694 млрд теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 12 732 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46%), өңдеуде – 12 938,5 млрд теңгеге (46,7%).
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 6% байқалды.
Табиғи газ шығару (105,1%), металл кендерін (105,8%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-шілдеде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда индекс 100,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы есепті кезеңде 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда индекс 105,1%-ды құрады. Өсім химия өнеркәсібі өндірісінде – 7,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарда – 16,2%, металлургияда – 9,2%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 29,8%, машина жасауда – 4,7%, өзге де дайын бұйымдарда 1,7 есе белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің 6,4%-ға және құбыр жолдарымен газ тәрізді отын өндіру және таратудың 7,9% артуы есебінен индекс 106% құрады.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу – Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында.
Саудадағы нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,9% болды. Саладағы жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі – 67,4%, бөлшек сауданың үлес салмағы – 32,2%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 10 653,9 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,9% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 7 623,3 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6% артық.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 30,8% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 69,2%.
2024 жылғы 1 тамызға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 605,3 млрд теңгені, сауда күндерінде 64 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-шілдедегі республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы (32%) мен Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (7,4%) және Шығыс Қазақстан (6%) облыстарына келеді.
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 22 303,3 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 104,4% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,7%).
2024 жылғы 1 тамызға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 174,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 39 күнді құрады.
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ 2024 жылғы қаңтар-шілдеде Алматы (36,8%) мен Астана қаласына (15,8%), Атырау (15,6%), Қарағанды облыстарына (6,2%) тиесілі.
Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
Бір жылда (2024 жылғы шілде 2023 жылғы шілдеге) пәтерлерді қайта сату бағалары 3,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы шілдеде 5,2% жоғарылады.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе – 7,5%, Талдықорған 7,2%, Қызылорда қалаларында 7,1% қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығы бағасының өсімі бойынша Атырау (16,9%), Астана қалалары көш бастап тұр (8,9%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған (28,1%), Жезқазған (23,6%), Петропавл (21,8%) мен Атырау қалалары (21%).
Бір айдың ішінде (2024 жылғы шілде 2024 жылғы маусымға) пәтерлерді қайта сату 0,4%, жаңа тұрғын үйді сату 0,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі маусыммен салыстырғанда шілдеде 1,8% жоғарылады.
2024 жылғы шілде айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 40 099 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 9 126 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 973 мәміле жасалды. 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда (32 943) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 21,7%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 091 – 17,7%) және Астана (6 843 – 17,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 208 – 8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 457 мәміле (1,1%).
2024 жылдың шілдесінде мәмілелер өсімі, Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, еліміздің барлық аймағында байқалды, онда мәмілелер саны 5%-ға азайған. Ең көп өсім Астана (+42,2%) қаласында, Алматы (+33,8%) және Ұлытау (+33,6%) облыстарында тіркелді.
2024 жылдың маусымымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 24,5%-ға (6 088 мәмілеге) көбейді. 2024 жылдың шілде айында пәтерлер бойынша барлығы 30 973 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,2%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,6%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, олар бойынша 11 871 мәміле ресімделген.
2024 жылдың маусым айымен салыстырғанда, 2024 жылдың шілдесінде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 13,3%-ға немесе 1 068 мәмілеге артты. Шілдеде барлығы 9 126 мәміле тіркелген. Ең жоғарғы өсім Алматы (+31,1%) қаласында, Ұлытау (+31%) және Ақмола (+27,4%) облыстарында байқалды. Бір айдағы төмендеу тек Ақтөбе (-11,3%), Шығыс Қазақстан (-1,3%) және Атырау (-0,4%) облыстарында орын алды.
2024 жылдың шілдесінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 17,2%-ға көбейген, ол кезде 34 225 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (58%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу – Шығыс Қазақстан облысында (9,7%-ға). 2024 жылдың қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санының 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 15,6%-ға өскен.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.
2024 жылғы II тоқсанда жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша 278 296 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы II тоқсанда 403 251 теңгені* құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім – 10,3%, нақты мәнде 1,7% өсті.
2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 23,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 21,5% жылжымайтын мүлікпен операциялар – 21,1% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақы 7,2%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 5,6%-ға өсті. Дей тұра, инфляцияны есепке алғандағы нақты мәндегі жалақы көлемі былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда бес салада керісінше төмендеу көрсеткен: әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде – 8,7%, мемлекеттік басқару және қорғаныста – 3%, денсаулық сақтауда – 2,7%, білім беруде – 1,2%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 0,4%.
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында – 14,3%-ға, Ақтөбе облысында – 14%-ға, Павлодар облысында – 12,9%-ға байқалды.
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы II тоқсанда 2 есе болды.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. 6 айда халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құрады.
2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымымен байланысты жағдай.
Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 57,5 мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында республикаға келгендер саны 14256 адамды, елден кеткендер саны 6967 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 4,4%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4%-ға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 78,2%, осы елдерге кеткендердің үлесі 77% құрады.
Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артты. Өңіраралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде: Астана (29305 адам), Алматы (15750 адам), Шымкент (4562 адам) қалаларында және Алматы облысы (1258 адам) байқалды.
2024 жылғы 2-тоқсандағы қолда бар майлы дақылдар жөніндегі тоқсандық зерттеу деректеріне сәйкес, Бюро 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде азық-түлік бағытындағы күнбағыстың 419,9 мың тонна көлемі барын (шаруашылық жүргізуші 404 субъектіде) жариялады.
Жалпы көлемнің 165,7 мың тоннасы 24 май зауытында тіркелген. Бұл ретте көрсетілген көлемнің 98,2% тек 11 май зауытына тиесілі.
131,4 мың тонна күнбағыс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде (257 респондент), 55,9 мың тонна – «жинау және сақтау» қызметімен аталған субъектілерде (28 респондент) шоғырланған.
Статистикалық байқау майлы дақылдарды өсірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен және саудамен айналысатын нарықтың барлық қатысушысын (ұсақтарын қоса алғанда) қамтиды. Мәселен, 331 респондентте, оның ішінде дара кәсіпкерлік пен фермерлік шаруа қожалықтарында 1000 тоннаға дейін күнбағыс көлемі бар, тағы 195 субъектте – 200 тоннаға дейін.
Майлы дақыл өңдеушілерінің ұлттық қауымдастығы нарықта күнбағыстың сатылымға қойылып жатқан өнімнің жоқтығын алға тартады, алайда бұл оның жалпы жоқтығын білдірмейді. Өндірушілер тауар қорын нарықта тиімді ұсыныс болғанға дейін сақтап отыруы мүмкін, бұл нарықтағы әдеткі тәжірибе.
Статистикалық бизнес-тіркелімге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда «Май мен май өндірісі» қызметінің негізгі түрі бойынша 80 заңды тұлға және 46 жеке кәсіпкер тіркелген. Жоғарыда айтылғандай, статистикалық байқау майлы дақылдар нарығының барлық қатысушысын қамтиды. Ал аталған қауымдастықта тек ірі ойыншылар бойынша мәлімет бар. Дей тұра, қауымдастық май зауыттарында бар күнбағыс тұқымының 165 мың тоннасы жөніндегі бюроның мәліметтерін растап отыр.
Ұсынылатын деректердің дұрыстығына Ұлттық статистика бюросына есеп беретін респонденттердің өздері жауапты. Бұрмалау анықталған кезде бюро респонденттерден қосымша ақпаратты, құжаттарды және растайтын хаттарды талап етуге құқылы. Деректер сапасы басқа көздерден алынған мәліметтермен кросс-тексерулер жүргізу арқылы да қамтамасыз етіледі. Алайда, қауымдастық айтқандай, бюроның респондентте тұқымның барын барып тексеруге өкілеті мен міндеттемесі жоқ.
Десе де Бюро өз қызметінде ашықтық қағидатын сақтайды. Бұған дейін 2023 жылы қауымдастықтың ескертулеріне жауап ретінде 500 респонденттен қосымша мәліметтер сұратылып, оның ішінде 434,2 мың тонна күнбағыс көлемі бар 499 респондент деректердің дұрыстығын басшы қолы мен мөр қойылған хат арқылы растаған.
Қауымдастықтың тұқым өндірушілердің тізімін алуға деген ұмтылысы мемлекеттік статистика туралы заңға қайшы келеді, оған сәйкес Бюро бастапқы деректердің құпиялылығын сақтауға міндетті және оларды таратуға құқығы жоқ. Бұл ретте респонденттер тарапынан бастапқы деректерді бұрмалауға негіз бен қызығушылығы жоқ деп есептейміз, ал бюроға жасалған шабуылдар үшінші тұлға мүдделерінің лоббиымен байланысты болуы мүмкін.
«С5+ONE бағдарламасының екінші лек түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймын! Сізге кәсіби тұрғыда үздіксіз дамып, жаңа білім мен мүмкіндіктерге ашық болуыңызды тілеймін, айналаңыздағыларға үлгі болып шабыттандыра беріңіз», – деді сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген Әсел Шауенова.
Астанада 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, шамамен 24 мың үй шаруашылығын қамтитын Мультииндикаторлы кластерлік зерттеу (MICS) аясында халық арасында сауалнама жүргізетін интервьюерлерге арналған республикалық оқыту семинары басталды.
Семинарға еліміздің 20 өңірінен интервьюерлер қатысып жатыр. Оқыту MICS далалық жұмыстарын жүргізудің негізгі аспектілерін қамтиды. Бірнеше күн ішінде семинарға қатысушылар сауалнаманы нәтижелі өткізу үшін қажет негізгі білім мен практикалық дағдыларды үйренеді, MICS стратегиялық мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ әртүрлі аймақтардағы деректерді жинауға арналған Әдістемелік ұсыныстармен танысады. Оқу процесінде елдегі әйелдер мен балалардың жағдайы туралы деректердің сапасы мен толықтығына ерекше назар аударылатын болады. Семинар бағдарламасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен сауалнамалар мен CAPI (электронды құрал көмегімен сауалнама жүргізу), сондай-ақ далалық жұмыстар бойынша оқыту кіреді.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының орындалуын бақылау және бағалаудаMICS маңыздылығын атап өтті.
«MICS деректері ел Үкіметіне базалық көрсеткіштерді белгілеп, мақсаттарды анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылап отыруға мүмкіндік береді. 2024 жылы Қазақстанда MICS өткізудегі мақсат — балалар мен отбасылардың жағдайын мониторингтен өткізу және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу», - деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.
Сауалнама балалардың жағдайы, денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, су сапасы және санитария, ерте жастағы балалардың дамуы, сондай-ақ халықтың өмірі мен дамуына қатысты басқа да көптеген аспекті бойынша мәселелерді қозғайды. MICS зерттеуі Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу және іске асыру үшін негіз болатын өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) - ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық үй шаруашылығын зерттеу бағдарламасы. MICS сауалнамасы балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында жүргізіледі. Қазақстанда зерттеу төртінші рет жүргізіледі (бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары жүргізілген).
MISS зерттеуі БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілдігімен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, БҰҰ-ның Қазақстандағы халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) мен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.