Меню

Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Адрес 010000,  г.Нур-Султан, ул.Мәңгілік ел, 8  ”Дом министерств” 15 – й подъезд
Телефон 8 (7172) 741262
e-mail kensesport@mks.gov.kz
1
Страницы
Контакты
О комитете
Документы
Деятельность
Пресс-центр
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Документы
О комитете
gov@nitec.kz

Серік Сәпиев ТМД мемлекеттері арасындағы Бірінші ойындарға арналған халықаралық бейнеконференцияға қатысты

Серік Сәпиев ТМД мемлекеттері арасындағы Бірінші ойындарға арналған халықаралық бейнеконференцияға қатысты

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сəпиев биыл Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтетін ТМД мемлекеттері арасындағы Бірінші ойындарға арналған халықаралық бейнеконференцияға қатысты.

Онлайн жиын барысында ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттік спорт пен дене шынықтыру істеріне жауапты азаматтар бəсекеге дайындық барысын пысықтап, талқылады.

Сонымен қатар бейнеконференцияға ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары Еркеғали Корбозов, Əзірбайжан Республикасының Спорт жəне жастар министрі Азад Ариф оглы Рагимов, Ресей Федерациясының Спорт министрі Олег Матыцин, Ресей Федерациясы Спорт министрінің бірінші орынбасары Азат Қадыров, Армения Республикасы Білім-ғылым, мəдениет және спорт министрінің орынбасары Артур Мартиросян, Беларусь Республикасының Спорт жəне туризм министрі Сергей Ковальчук, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы дене шынықтыру, спорт жəне жастар ісі жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Қанат Аманқұлов, Татарстан Республикасының Спорт министрі Владимир Леонов, Тəжікстан Республикасы  Үкіметі жанындағы спорт жəне жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дилшод Назаров, Өзбекстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру министрінің бірінші орынбасары Равшан Ирматов жəне өзге де өкілдер қатысты.

Біздің анықтама: Биыл Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында ТМД мемлекеттері арасындағы Бірінші ойындар 20-27 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Алайда əлемдік коронавирус пандемиясына байланысты ойындар 4-11 қыркүйек аралығына ауыстыруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жалпы 11 күнге созылатын дода 22 спорт түрінен баскетбол (3х3), бокс, жағажай волейболы, үстел теннисі, көркем гимнастика, су добы, дзюдо, бадминтон, жүзу, күрес самбо, семсерлесу, футбол (шағын-футбол), белбеу күрес, «корэш» (көптеген түркі халықтарына ортақ күрес түрі), каратэ, би спорты, армрестлинг, мас-рестлинг, гир тасын көтеру, тай боксы, шахматтан өтеді.

Айта кетейік, 4 спорт түрінен бəсеке ресми ашылуға дейін 3 қыркүйектен басталады. 

Бүгінде 8 спорт түрі (армрестлинг, бадминтон, белбеу күрес, «корэш», гир тасын көтеру, мас-рестлинг, самбо, шахмат) халықаралық федерациялардың ресми күнтізбесіне енгізілген.

ТМД мемлекеттері арасындағы Бірінші ойындарға 14 пен 23 жас аралығындағы (спорт түріне байланысты) 2 500 атлет, 11 ТМД мемлекетінен 1000-ға жуық ресми делегат келеді деп болжанған.

Ал дода кезінде 810 төреші, оның ішінде 178-і қатысушы командалардан жəне халықаралық федерациялардан 21 техникалық делегат болады. 

Жалпы жиынтығы 284 медаль сарапқа салынады. Ойындар Қазан қаласындағы 14 спорт кешенде өтеді.

Дата публикации
06 July 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Структура Правительства РК