
Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы көпсайыстан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды.
Сингапурдегі Азия Чемпионатында №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы Азия Чемпионатының көпсайыс бағдарламасында алтын медальға ие болды!
Бұл — еліміздің көркем гимнастика тарихындағы маңызды жетістік.
Команданың жеке бапкері - Балгинбаева Меруерт Төлегенқызы @mira_balgin, Хореографы - Оспанбаев Чингис Асетович @chingis_ospan
Команда құрамы:
Жасмин Жүнісбаева
Кристина Чепульская
Аида Хакимжанова
Айзере Кеңес
Айзере Нұрмағамбетова
Мадина Мырзабай.