Айбота Ертайқызы - Сингапурдағы Азия чемпионатының қола жүлдегері

Айбота Ертайқызы - Сингапурдағы Азия чемпионатының қола жүлдегері

Сингапур төрінде жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық  Айбота Ертайқызы өз өнерімен көз сүйсіндіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айбота жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында, төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Өзбекстан спортшылары көш бастап, алғашқы екі орынды иеленді. Сондай-ақ Айым Мейіржанова барлығы  80.450 ұпаймен 5-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, сары құрлық додасына 19 елден 100-ден астам атлет бас қосып, өз бақтарын сынауда. Енді, ертең ақтық жарыстар басталады.