Қазақстандық пара дзюдошылар 2025 IBSA Judo World Championships Astana  жарысының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Қазақстандық пара дзюдошылар 2025 IBSA Judo World Championships Astana  жарысының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Пара дзюдодан алғаш рет Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті.
 
Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:

🥇Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
🥈Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
🥉Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
🥉Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
🥉Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)

Ертеңгі жарыс күні таңғы 10:00-де басталады.