Жүзуден Афиныдағы халықаралық турнирден қоржынымызға тағы 4 медаль түсті

Жүзуден Афиныдағы халықаралық турнирден қоржынымызға тағы 4 медаль түсті

Афины қаласында (Грекия) жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирі жалғасып жатыр.

Екінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесі келесідей:

🥇Әділбек Мусин, баттерфляй (100 метр). Уақыт көрсеткіші - 52.56 секунд.

🥈Аделаида Пчелинцева, брасс (50 метр). Уақыты - 31.87 секунд

🥉Айбат Мырзамұратов, брасс (50 метр). 28.05 секунд

🥉Максим Сказобцов, баттерфляй (100 метр). 53.61 секунд

8 елден үздік 680 атлет қатысып жатқан аталмыш дода 4-ші мамырда аяқталады.