Қазақстандық шабандоздар Әлем Кубогының және Maxima Masters Eurasia кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық шабандоздар Әлем Кубогының және Maxima Masters Eurasia кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болды

17–27 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте конкур бойынша Әлем Кубогының және Maxima Masters Eurasia командалық сериясының кезеңдері өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Қазақстан құрамасының нәтижелері жоғары деңгейде болды. Жарыс қорытындысына сай біздің спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Ксения Баталова (120 см – 2-орын, 160 см – 2-орын, 140 см – 2-орын)

Олег Соколенко (125 см – 2 және 4-орын, 125 см – 5-орын, 130 см командалық – 3-орын)

Нұрила Тұрысбекова (145 см – 4-орын, 130 см – 3-орын, 130 см командалық – 3-орын, 130 см – 2-орын)

Дайана Оңаева (130 см – 4-орын, 130 см командалық – 3-орын)

Бекжан Байжанұлы (130 см – 2-орын, 130 см командалық – 3-орын)

Бұл нәтижелер қазақстандық шабандоздардың халықаралық жарыстарға дайындық деңгейінің жоғары екенін және олардың әлемдік аренада лайықты өнер көрсетуге әзір екенін көрсетті.