Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің (ҚР ҰСК) кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында ұйымның басқару құрылымына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.
Конференцияның басты жаңалығы — Олимпиада чемпионы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев ҚР ҰСК Президенті лауазымына бірауыздан сайланды. Жаңа басшылықтың тағайындалуы еліміздегі сурдлимпиадалық қозғалысты одан әрі дамытуға тың серпін береді деп күтілуде.
Сонымен қатар, ұйымның жаңа вице-президенттері болып келесі азаматтар бекітілді:
Достан Ибрагимов, Руслан Ищанов, Павел Казанцев, Азамат Қарлығашев, Қуанышбек Мұқаш, Мейрамбек Махамбетов, Ғабит Сәтмағамбетов, Арсен Шакуов және Бекзат Қалиев.
Ұйымның Бас хатшысы қызметіне Айжан Чокина сайланды.
Конференция барысында ҚР ҰСК-ның негізін қалаушы, сурдлимпиадалық қозғалыстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сәуле Шакуоваға ерекше құрмет көрсетілді. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің Құрметті президенті атағы берілді.