Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан әлем кубогының кезеңі (CSI 1*W) жалғасып жатыр. Отандасымыз Ксения Баталова N2 бағдарындағы жарысқа (биіктігі 140 см бөрене) Lady Di атты жылқымен шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осы кезеңмен қатар спортшылар Eurasia Maxima Masters турнирінде сынға түсті. Оның нәтижесінде Ксения мен Lady Di алтыннан алқа тақты.