Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Қызылордада Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Турнирге Бразилия, Қытай, Беларусь, Қарақалпақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстан сынды 11 елден 300-ге жуық балуан қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан Қызылорда облысының басшылығына зор алғысын білдірді.

«Бұл жарысты Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевтың жеңісіне арнау — өте құптарлық әрі көреген бастама. Себебі, Тайымбет атамыздай ерлердің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа үлгі ету — біздің борышымыз. Осындай игі шаралар жалғасын тауып, бұл жарыс дәстүрлі сипатқа ие болып, отандық спортқа жаңа сипат беруі тиіс», – деді комитет төрағасы.

І күннің қорытындысы:

🥇🇰🇿 55 кг салмақта: Алпамыс Дастанбек
🥈🇰🇿 Ерсін Абыир
🥉🇰🇿 Нариман Бекімов, 🇹🇷 Cinar Servan

🥇🇰🇬 63 кг салмақта: Афтандил Таалайбекуулу
🥈🇰🇿 Нұрбол Бағдаулет
🥉🇰🇬 Кубаныч Аринов, 🇹🇷 Basar Enes

🥇🇰🇿 72 кг салмақта: Мерей Маулитканов ю
🥈🇰🇿 Айдос Сүлеймен
🥉🇰🇬 Хабибулла Тынчтыкуулу, 🇰🇿 Нұрдаулет Тұрсын

🥇🇷🇺 82 кг салмақта: Әділет Төлеубаев
🥈🇰🇿 Қаһарман Қисыметов
🥉🇰🇬 Рысбек Калыев,🇰🇿 Алмир Төлебаев

🥇🇰🇿 97 кг салмақта: Мейрамбек Қордабай
🥈🇰🇿 Ерзат Ерланов
🥉🇺🇿 Иброхим Комилжанов, 🇰🇿 Жантас Нұрғали

 ІІ күннің қорытындысы:

🥇🇰🇿 60 кг: Айдос Сұлтанғали
🥈🇰🇿 Ғалым Қабдунасаров
🥉🇹🇯 Асламджон Әзизов, Айбек Сабырбеков

🥇🇰🇿 67 кг: Ержет Жарылқасын
🥈🇰🇿 Төлеген Әмірханов
🥉🇹🇷 Yildirim Mustafasafa, 🇰🇿 Диас Әскербай

🥇🇹🇷 77 кг: Emrebasar Yunus
🥈🇺🇿 Жамол Жумабоев
🥉🇰🇬 Эрлан Марсуулу, 🇰🇿 Әбдиазим Карабаев

🥇🇧🇾 87 кг: Радик Кулиев
🥈🇰🇿 Тимур Оспанов
🥉🇰🇬 Артыкбек Алымбекуулу, 🇰🇿 Айдын Әбілда

🥇🇹🇷 130 кг: Bozkurt Fatih
🥈🇰🇬 Самаган Орманов
🥉🇰🇿 Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай.