Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр

Қызылордада грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр

Қызылорда төрінде Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтуде.

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған турнирге Бразилия, Қытай, Беларусь, Қарақалпақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстан сынды 11 елден шамамен 300-ге жуық палуан қатысып жатыр.

Ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан Қызылорда облысының басшылығына зор алғысын білдірді.

"Бұл жарысты Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтың жеңісіне арнау — өте құптарлық әрі көреген бастама. Себебі, Тәйімбет атамыздай ерлердің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа үлгі ету — біздің борышымыз.
Осындай игі шаралар жалғасын тауып, бұл жарыс дәстүрлі сипатқа ие болып, отандық спортқа жаңа сипат беруі тиіс",- деді комитет төрағасы.

Бірінші күннің қортындысы:
55 кг 
🥇 Алпамыс Дастанбек (Қызылорда)
🥈Ерсін Абыир (Жетісу)
🥉 Нариман Бекимов (СҚО)
🥉 Синар Черван (Түркия)

63 кг 
🥇Афтандил Таалайбекуулу (Қырғызстан)
🥈Нұрбол Бағдаулет (Қызылорда)
🥉Кубаныч Аринов (Қырғызстан)
🥉Басар Енес (Түркия)

72 кг
🥇Мерей Мәулітханов (Астана)
🥈Айдос Сүлеймен (Қызылорда)
🥉Хабибулла Тынчтыкулу (Қырғызстан)
🥉Нұрдәулет Тұрсын (Түркістан обл.)

82 кг 
🥇Адлет Тюлюбаев (Ресей)
🥈Қаһарман Қисыметов (БҚО)
🥉Рыспек Калыев (Қырғызстан)
🥉Әлмир Төлебаев (Алматы обл)

97 кг
🥇Мейрамбек Қордабай (Жамбыл)
🥈Ерзат Ерланов (Жамбыл)
🥉Иброхим Комилжанов (Өзбекстан)
🥉Жантас Нұрғали (Жетісу).