Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты

Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Бүгінгі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 3 гимнасты ақтық сынға жолдама алды.

Тұтқалы ат снарядында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов көш бастап тұр. Оның еншісінде 14.566 ұпай бар. Ал Зейнолла Ыдрысов 6-сатыға табан тіреп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды (14.300 балл).

Еркін жаттығуда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Осиекте 13.866 балл алды. Отандасымыз 2-орынмен ақтық сында.

Айта кетейік, ертең, 11 сәуірде де іріктеу өтеді. Содан кейінгі 2 күнге финал жоспарланған.