Мәнерлеп сырғанаудан VI қысқы Спартакиадасы өтуде

Мәнерлеп сырғанаудан VI қысқы Спартакиадасы өтуде

Өскемен қаласындағы Б. Александров атындағы спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиадаға елдің 7 облысы мен 3 қаласынан 72 атлет қатысуда.

Доданың басты мақсаты – спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, Олимпиада алдында Ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіп, жаңа команда жасақтау.

«Әрине, бұл жарыстың басты мақсаттарының бірі - өңірлердегі мәнерлеп сырғанаудың даму деңгейін анықтау, бағалау, талантты спортшылардың көзге түсуіне жағдай жасау. Сондай-ақ қатысушылар арасында әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген Софья Самоделкина, Диас Жиренбаев, София Фарафонова да өнер көрсетеді. Барлығына сәттілік тілеймін!», - деді команда басшысы Айза Мамбекова.

Айта кетейік, аталмыш Спартакиада 11-ші сәуірде аяқталады.