Түркістан қаласында баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындары өтіп жатыр.
Бүгін жарыстың плей-офф кезеңіне шыққан 8 команда белгілі болды. Назарыңызға жүлдеге таласатын баскетболшылды ұсынамыз:
А тобы: Атырау облысы, Шымкент қаласы
В тобы: Астана қаласы, Павлодар облысы
С тобы: Түркістан облысы, Жетісу облысы
D тобы: Ақмола облысы, Алматы қаласы
Енді осы өңірдің ойыншылары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Ширек финал матчтары:
Атырау облысы - Алматы қаласы
Астана қаласы - Жетісу облысы
Түркістан облысы - Павлодар облысы
Шымкент - Ақмола облысы
Біздің анықтама:
Төрт жылда бір өтетін жастар спорт ойындарына 18 жасқа дейінгі баскетболшылар қатысады.