БИАТЛОННАН ҚР СПАРТАКИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ЖАРЫСТЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

БИАТЛОННАН ҚР СПАРТАКИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ЖАРЫСТЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

31 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Спартакиадасы аясында әйелдердің жеке жарыстары өтті. Жарысқа Қазақстанның 9 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысты.

Жеке жарыс қорытындысы бойынша Арина Крюкова (Ақмола облысы) жеңіске жетті. Екінші орында Галина Вишневская-Шепоренко (Абай облысы). Үшіншісі - Кристина Титиевская (Абай облысы).

Ертең, 1 сәуірде ерлер тобының жеке жарысы өтеді.