
27 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан Қазақстан Республикасының Спартакиадасы басталды. Бірінші жарыс күнінде медальдар 1+1 және 2+2 аралас эстафеталарда ойналды. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен командалар қатысты.
Аралас эстафетаның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіске жетті (Ольга Полтаранина, Никита Акимов). Екінші орында ақмолалықтар Вадим Куралес пен Арина Крюкова тұр. Үшінші болып Абай облысының командасы (Галина Вишневская-Шепоренко және Кирилл Бауэр).
2+2 «алтын» эстафетасында Ақмола облысының құрамасы (Данил Червенко, Александр Мухин, Полина Егорова, Алина Скрипкина) әділ күресте жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (Әсет Дүйсенов, Ержанат Қуандық, Айша Ракишева, Милана Генева) және Шығыс Қазақстан облысы (Иван Дарьин, Артем Афанасьев, Софья Унжакова және Елизавета Белецкая).
Ертең, 28 наурызда ҚР спартакиадасы аясында әйелдер спринті өтеді.