ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Фристайл-акробатикадан Энгадинде (Швейцария) өтетін әлем чемпионатында ел намысын 5 спортшы қорғайды.

Әлемдік біріншілікте сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі:

* Шерзод Хаширбаев (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жеңімпазы
* Дінмұхаммед Райымқұлов (Шымкент қаласы) - Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жеңімпазы
* Асан Асылхан (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жүлдегері
* Аяна Жолдас (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарының жүлдегері, қысқы Олимпиада Ойындарына қатысушы
* Уланбакир Умурзаков (Шымкент қаласы) - ІХ Қысқы Азия Ойындарына қатысушы

Айта кетейік, 24-31 наурыз аралығына дейін жалғасатын бұл додаға 10 елден 45 үздік атлет жиналды.