Кирилл Герасименко – Қазақстанның абсолютті чемпионы

Кирилл Герасименко – Қазақстанның абсолютті чемпионы

Астаналық теннисші Алматыда өткен үстел теннисінен ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді.

Герасименко:
– Аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетті;
– Ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен бірге топ жарды;
– Жекелей сында Алан Құрманғалиевті финалда ұтып, чемпион атанды.

Үш бағдарламада да үздік атанған Кирилл Герасименко – 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы.