Шорт-трек: Ольга Тихонова - алғашқы чемпион

Шорт-трек: Ольга Тихонова - алғашқы чемпион

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан шорт-тректен VI Қысқы Спартакиадада 1 500 метр қашықтықта жүлде сарапқа салынды.

Әйелдер. 1 500 метр. 45 қатысушы

🥇Ольга Тихонова (Ақмола обл.) - 2:30.306
🥈Алина Ажғалиева (БҚО) - 2:30.601
🥉Мадина Жанбусинова (Астана қ.) - 2:30.740

Ал қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Полина Омельчукке сәл жетпей, 4-орынмен шектелді.

Айта кетейік, Ольга Тихонова IX Қысқы Азия ойындарында еліміздің көк туын алып шыққан еді.