
Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионаты жалғасуда.
Фристайл-могулдан жекелей сында ақтық бәсекеде бақ сынаған қазақстандық Анастасия Городко 10-шы, Юлия Галышева 14-ші, ал Юлия Феклистова 24-ші орынға тұрақтады. Осылайша олар супер финалға өте алмады.
Бұл бағдарламада барлығы 16 елден 103 спортшы қатысып жатыр.