
Сербияда әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қарсыласынан басым түсті.
1/8 финалда қазақстандық спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковаға қарсы жекпе-жек өткізіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Рингте толық басымдық көрсеткен ол еркін және сенімді әрекет етті. Үшінші раундта Назым қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді, ал жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда мерзімінен бұрын жеңіске жетті.