Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық спортшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. 50 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық жекпе-жекте ол марокколық Ясмин Мутакиді сенімді түрде жеңді.

Балқыбекова жекпе-жектің басынан-ақ бастаманы өз қолына алып, алғашқы раундта 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да дәл осындай нәтиже көрсетіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Ясмин Мутаки – 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Африканың үш дүркін чемпионы (2017, 2023, 2024) және құрлықтық біріншіліктің екі мәрте жүлдегері.

Алуа Балқыбекова – әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы, күміс, 2023 жылы, қола) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022). Турнирдің алғашқы кездесуінде ол кениялық Вероника Нзивуді сенімді түрде жеңіп (5:0), қарсыласын нокдаунға жіберген болатын.

🔺Ширек финалда қазақстандық боксшы түркиялық Айсен Ташкінмен кездеседі. Жекпе-жек 13 наурызда өтеді.