Спорт саласының қайраткерлері "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды

Спорт саласының қайраткерлері "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде ведомствоға бағынысты мекемелердің бірнеше қызметкері Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығының құрметіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

Мерекелік іс-шараны Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаев өткізді.

Марапатталғандар:

1) Абоимов Виктор Андреевич - жүзуден Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

2) Жаңбырбаев Бостан Оңдашұлы -  «Алматы қаласының Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры;

3) Биекенов Қайрат Оразбайұлы - Трамплиннен шаңғымен секіруден бас жаттықтырушы;

4) Сапашев Малик Әбуханұлы - Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры; 

5) Семенова Елена Геннадьевна -  «Алматы қаласының олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары

6) Сейсенкызы Жадыра - Спортты дамыту дирекциясының материалды-техникалық қамсыздандыру бөлімінің менеджері;

7) Төлендин Ардақ Болатұлы -  «Алатау» жоғары спорттық шеберлік республикалық мектебінің директоры

8) Мырзаева Айнжамал Сексенбаевна - Дене шынықтыру саласының ардагері.