Шахматтан Қазақстанның Біріккен құрамасы жеңіске жетті

Шахматтан Қазақстанның Біріккен құрамасы жеңіске жетті

Қазақстанның Біріккен құрамасы chess.com ойын платформасында өткен "Nations League 2020" (Ұлттар Лигасы 2020) командалық онлайн турнирінде тамаша өнер көрсетті.

Бүгін қазақстандық команданың АҚШ командасымен қорытынды матчында біздің спортшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Қазақстан командасы Nations League 2020 жарысында 2-ші орынға ие болды.

Айтулы жарыстың ерекшелігі оған барлық деңгейдегі ойыншылар қатысты: шахматқа жаңадан келгендерден бастап танымал гроссмейстерлерге дейін. 6 апта бойы қазақстандық шахматшылар виртуалды шахмат тақтасында АҚШ, Англия, Польша, Румыния, Греция, Аргентина және Бразилия мемлекеттеріндегі қарсыластарымен кездесті. Кездесулердің жалпы қорытындысы: 5 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс.

Халықаралық онлайн турнир барысында Қазақстан құрамасына еліміздің көптеген жетекші шахматшылары, халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлер, Ұлттық құраманың мүшелері Р.Хуснутдинов, Д. Махнев, Г. Дәулетова және басқалар да көмектесті.

Осынау мерейлі сәтке орай ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова шахматтан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады.

"Сіздерді chess.com ойын платформасында өткен Nations League 2020 (Ұлттар лигасы 2020) онлайн шахмат бəсекесінде екінші орын алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздер 6 апта бойы виртуалды шахмат тақтасында əлемнің түкпір-түкпіріндегі қарсыластарыңызбен күш сынасып, жеңіске деген құштарлықтарыңыздың басым екенін таныттыңыздар. Əр кездесуде орасан ерік-жігер жұмсап, бар шеберліктеріңізді ортаға салғандарыңызды ақтық нəтиже паш етіп тұр.Алдағы уақытта да тума дарындарыңыз бен қарым-қабілеттеріңізді ұштастырып, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс, қажымас қайрат тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.