Сəкен Мұсайбеков дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін онлайн форматта марапаттады

Сəкен Мұсайбеков дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін онлайн форматта марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков еліміздегі Спорт күні мерекесі қарсаңында өңірлердегі дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерін «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен онлайн форматта марапаттады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Пандемияның кесірінен бүкіл әлем қиын күндерді басынан өткеріп жатыр. Осыған байланысты біз бүгінгі кездесуімізді онлайн форматында өткізуге мәжбүрміз. Қазір ең бастысы Сіздің мен жақындарыңыздың денсаулығы. Біз өз тарапымыздан спортшылардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Жақын күндері спорт іс-шаралары қайта жанданып, бұрынғы өмір салтымызға қайта ораламыз деген сенімдемін. Тағы да кәсіби мерекемен құттықтаймын, аналарымыз аман, бауырларымыз бүтін болсын», - деді Сәкен Мұсайбеков.

Сонымен қатар вице-министр еліміздің спорт саласының қарқынды дамуына елеулі үлес қосқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, еркін күрестен спорт шеберіне кандидат Жексенбей Дүйсебаевты, қол күресі және гір көтеруден мемлекеттік жаттықтырушы Серік Ерішұлын және допты хоккейден мемлекеттік жаттықтырушы Оралбай Жақсымбетовті құттықтап, медальдарын табыстады.

Біздің анықтама:

2004 жылдан бері тамыздың әрбір үшінші жексенбісі елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Биыл атаулы күн 16 тамызға дәл келіп тұр.