17 тамыздан Дубай, Белорусь, Германия, Ресей, Мысыр, Украина мен Нидерландқа әуе рейстері қайта жанданады

17 тамыздан Дубай, Белорусь, Германия, Ресей, Мысыр, Украина мен Нидерландқа әуе рейстері қайта жанданады

11 тамызында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германия Федеративтік Республикасына, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресей Федерациясына халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жаңарту туралы шешім қабылданды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін алдын-ала пысықтады. Осылайша, бұл елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдайды.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясына ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.