Астанада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтинг әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтинг әлем чемпионаты өтеді

2024 жылдың 7-12 қазан аралығында елордада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтингтен және штанганы жатып сығымдаудан Әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Ливия, Чехия, Израиль және Кения спортшылары қатысады. Бұл Қазақстанда көру қабілеті зақымдалған және зағип спортшылар арасында өткізіліп отырған алғашқы әлемдік деңгейдегі іс-шара.

Чемпионат Қазақстандық пара пауэрлифтинг федерациясы және Қазақстандық зағип спортшылар ассоциациясы ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Өтетін орны: Сарыарқа даңғылы 4, Park Inn by Radisson Astana қонақүйі

7 қазан 2024 ж. бағдарламасы: 

- А (48, 52, 56 кг) және B (60 және 67,5 кг) жарыс сессиясы

- Ашылу салтанаты

- Марапаттау рәсімі


БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны: +7 707 145 57 34 Құралай Әшімханова