Виталий Худяков Ыстықкөл көлін алғаш жүзіп өткен жүзгіш (видео)

Виталий Худяков Ыстықкөл көлін алғаш жүзіп өткен жүзгіш (видео)

5 тамызда қазақ жүзгіші, Олимпиада қатысушысы, ашық аспан астында суға жүзуден Азия чемпионы Виталий Худяков Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөл көлін алғаш болып жүзіп өтті.

Ол таңертең 5:15-те Ыстықкөлдің солтүстігіндегі Чолпон-Атадан шығып, кешкі 18:30-да көлдің оңтүстігіндегі Қажы-Сай ауылының маңына жеткен. Отандасымыз теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте орналасқан Ыстықкөл көлі арқылы 54 километрді 13 сағат 13 минутта жүзіп өткен.

Осы уақытқа дейін Виталий бірнеше ай жаттығу өткізген. Спортшымен бірге Ыстықкөл облысында əкесі, жеке бапкері Евгений Худяков жəне 1968 жылғы олимпия ойындарының қатысушысы Ахмед Анарбаев болған.

Айта кетейік, Виталий бұл қашықтықты 2 тамызда жүзіп өтуі керек болған. Алайда ауа райының бұзылуына байланысты кейінге қалдырған.