Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-орын алды.
Оның уақыт көрсеткіші - 31 минут, 26.6 секунд. Айта кетейік, Дейзидің осы қашықтықтағы ең жақсы нәтижесі 30:52.43 секунд.
Мұнда Парижде 5 мың метрге жүгіруде топ жарған Беатрис Чебет (Кения) алтыннан алқа тақты. Күміс Еуропа чемпионы Надя Баттоклеттидің (Италия) еншісінде. Үздік үштікті Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді.
Барлығы финада 25 атлет жарыс жолына шығып, үшеуі мәреге жете алған жоқ.
Фото: Сали САБИРОВ