Данияр Шамшаев (73 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023) Муроджон Юлдошевқа (Өзбекстан) ескерту (shido) саны жағынан есе жіберді.
Төрешілер отандасымызға 3 ескерту берді.
Екі палуан осыған дейін 2 рет күресіп, екеуінде Данияр жеңген.