
Ұлттық құрама бадминтоншысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде Кента Нисимотодан (Жапония) ұтылып қалды. Есеп: 2-0. Жапон спортшысы жеребе кезінде әлем рейтингінде жоғары орында тұрған 13 ойыншының қатарына кірген.
Енді D тобындағы келесі ойында Дмитрий 29 шілдеде (14:40) Брайан Янгпен шеберлік байқасады.