ӘЛЕМ КУБОГЫ: 17 ЖАСТАҒЫ ВИКТОР ДРУЗИН ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ

ӘЛЕМ КУБОГЫ: 17 ЖАСТАҒЫ ВИКТОР ДРУЗИН ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ

Су спорты түрлерінен Парижде (Франция) өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде көркем жүзуден соло жаттығуы бойынша 17 жастағы Виктор Друзин күміс жүлде иеленді.

🥇🇨🇴Густаво Санчес (Әлем чемпионы) — 204.0210 ұпай
🥈🇰🇿Виктор Друзин — 163.7189
🥉🇺🇸Кеннез Гаудет (Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) — 161.6187

Отандасымыз 1 ай бұрын да Қытайдағы Әлем кубогы бойынша дәл осы сайыста қола жүлде алған еді.

🥉Бұдан бөлек, кеше аруларымыз топтық сайыстан еркін бағдарламада қола жүлдеге ие болды.

🥇🇯🇵Жапония — 323.3207 ұпай
🥈🇨🇦Канада — 297.5853
🥉🇰🇿Қазақстан — 253.633

(Этери Какутиа, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы)