СЕМСЕРЛЕСУДЕН ШЕШУШІ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ШЕШУШІ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

Семсерлесуден 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірлігінде Париж Олимпиадасының соңғы 6 лицензиясы сарапқа салынатын Азия және Океания аймағының іріктеу жарысы өтеді.

Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Қылыш

Артём Саркисян
Айгерім Сарыбай

Сапы
София Николайчук
София Актаева

Найза
Ғалым Нұрымов

Әр сайыста 1-орын алған спортшы ғана лицензия иеленеді.

2 күнге жалғасатын бәсекеде 32 мемлекеттен 100-ден астам спортшы жолдамаға таласады.