ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КОНКУРДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КОНКУРДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Осы күндері Ташкентте конкурдан Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бүгін Әлем кубогы кезеңіндегі командалық маршрут саналатын Ұлттар Кубогында сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.

Өзбекстан командасы жеңімпаз атанды, Қырғызстаннан келген шабандоздар үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, турнирде жеке жарыстар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Әлем Кубогы кезеңінде барлығы 50 спортшы қатысып жатыр.