Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде Нариман Курбанов Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.
Ат снарядындағы финалда Нариман 4-сатыға тұрақтап, ал негізгі қарсыласы Ли Чи Кай (Қытайдың Тайпейі) күміс жүлде алды. Осылайша, жалпы Әлем Кубогының рейтингінде қазақстандық гимнаст 3-сатыда қалады.
Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама сапынан жазғы ойындар жолдамасын Милад Карими мен Нариман Курбанов алып үлгерді.
Қазір барлығы Қазақстанда 14 спорт түрінен 42 лицензия бар.