Нью-Кларк-Сити Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты

Нью-Кларк-Сити Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты

Су добынан Қазақстан қыздар құрамасы жарысты жеңіспен бастады. Алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен басым түсті.

Су добы. Қыздар. 1-ойын

Қазақстан - Шри-Ланка 43:4

Қазақстан құрамасы голдарының авторлары:
10 - Дарина Сембек
6 - Анеля Алтыбасарова
5 - Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко
4 - Яна Смолина, Юлия Дружинина
2 - Аида Алпысбай
1 - Анфиса Журавлева, Ариадна Затыльникова

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады.