UWW Asia онлайн дауыс беру арқылы сары құрлықтың 2023 жылғы үздік ұлттық федерациясын анықтады

UWW Asia онлайн дауыс беру арқылы сары құрлықтың 2023 жылғы үздік ұлттық федерациясын анықтады

Азия күрес федерациясы (UWW Asia) онлайн дауыс беру арқылы сары құрлықтың 2023 жылғы үздік ұлттық федерациясын анықтады.

Атқару комитеті өкілдерінің 2 кезеңге созылған дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы үздік шықты.

Шешім қабылдау кезінде биыл 9-14 сәуір аралығында өткен ересектер арасындағы XXXVI Азия чемпионаты назарға алынған. Астана қаласында өткен сол бәсекеде Ұлттық құрама 7 алтын, 4 күміс және 9 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алған.