Щучинск қаласында биатлоннан ҚР Кубогының 2-кезеңі мәресіне жетті

Щучинск қаласында биатлоннан ҚР Кубогының 2-кезеңі мәресіне жетті

Бүгін Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының 2-кезеңі өз мәресіне жетті.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер 10 шақырым қашықтықта бақ сынады. Мұнда Сергей Сирик (СҚО) 29:39.6 секундта мәреге жетіп, жеңіске жетті. Екінші болып мәреге 30:05.6 уақытта Антон Башкиров (Ақмола облысы), одан кейін 30:17.1 уақытта Александр Бирюков (Ақмола облысы) жетті.

Әйелдер арасында 7,5 шақырымға жарыста Дарья Климина дес бермеді. Ол мәреге 22:16.2 секундта жетсе, одан Галина Вишневская-Шепоренко (+28.2 секунд) мен Надежда Пивоварова (25:08.9) келді.

Жасөспірімдер арасында 10 шақырым жарыста Ақмола облысының спортшысы Вадим Куралес (26:39.9 секунд) бірінші, ақмолалық Артем Афанасьев (27:33.5 секунд) екінші, ал Артур Каданцев (27:46.2 секунд) үшінші орынды иеленді.

Қыздар арасында алматылық Яна Чупик (25:12.1) кешегі қоласын бүгін алтынға айырбастады. ШҚО-дан келген Ульяна Ардалионова (25:27.2) күміс, Алема Карабаева (25:55.2) қола медаль алды.

Желтоқсанның 21-24 аралығында өткен Биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысынан келген 100-ден астам спортшы өнер көрсетті.