МАҒЖАН ШАМШАДИН - ДЗЮДОДАН АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

МАҒЖАН ШАМШАДИН - ДЗЮДОДАН АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген Мерзод Суфиевті жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

«Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.