Дзюдошы Абиба Абужақынова Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан командасына 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Финалда Абибаның қарсыласы үш дүркін әлем чемпионы жапониялық Нацуми Цунода болды.
«Мен Абибаны осы нәтижемен құттықтаймын. Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз. Сіз лайықты нәтиже көрсеттіңіз! Қазақстандық палуандарды қолдау үшін Қытайға келген жанкүйерлерге ерекше рахмет. Олардың белсенді қолдауы спортшыларға жігер сыйлады», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.