ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасын Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарына шығарып салды. Министр спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі
  • Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесті. Ол соңғы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысымен танысып, спортшылардың жалпы дайындықтары туралы сұрап-білді
  • Азия ойындары-2023: Ханчжоуда салтанатты түрде Қазақстан Туы көтерілді
  • Ханчжоуда өтетін Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады
  • К.Ахметов атындағы ОРРММИК жөндеу, Спорттық медицина және оңалту орталығын модернизациялау: Ермек Маржықпаев Алматыдағы спорт нысандарын аралап, материалды-техникалық жағдайымен және министрлік назарға алуы тиіс өзекті мәселелерімен танысты
  • Ризабек Айтмұқан еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды
  • Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқаннның әкесі Қанат Жолдасбаймен кездесті. Министр Ризабектің Белградта өткен әлем чемпионатындағы алтын жүлдесімен құттықтап, чемпионды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді
  • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл 27 жастағы қазақстандық спортшының дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан 3-жүлдесі
  • Туризм және спорт министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн мырзамен кездесті. Кездесуде ШЫҰ шеңберінде жүзеге асырылатын туризм саласындағы бастамалар талқыланды
  • Қазақстанда сауықтыру туризмінің танымалдылығы артып келеді. Елімізде 173 шипажай-курортты мекеме жұмыс істейді
  • eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығындағылар
  • Соңғы 3 жылда Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өткен жылы инвестиция көлемі 513,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды.