XIX Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 08 қазан аралығында ҚХР, Ханчжоу қаласында өтеді. Қытайда Азиада-2022 өткізу туралы шешімді 2015 жылғы 16 қыркүйекте Азия Олимпиада кеңесі (АОК) қабылдады.
Ойындарды бастапқыда 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған болатын, алайда COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты AOК Ханчжоу-2022-ні 2023 жылға ауыстырғанын жариялады.
Жазғы 19-шы Азия ойындарында барлығы 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 - олимпиадалық, 16 - олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.
Ойындардың спорттық нысандары: барлығы 44 жарыс өтетін орын белгіленген
Спорттық бағдарлама: 40 спорт түрінен / 61 пәннен
Қатысушы елдер саны: 45.
Ойындардың ашылу салтанаты: 2023 жылдың 23 қыркүйегі, Ханчжоу Спортс Паркі стадионы
Ойындардың жабылу салтанаты: 2023 жылдың 08 қазаны, Ханчжоу Спортс Паркі стадионы.