Параатлеттер әлемдік Гран-При жарыстарында жүлделі орындарға ие болды

Параатлеттер әлемдік Гран-При жарыстарында  жүлделі орындарға ие болды

11-18 қыркүйек аралығында Марракеш (Марокко) қаласында пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясының жарыстары өтті. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысты. Гран-При жарыстарына Қазақстан тарапынан 13 спортшы қатысып, 7 медальға қол жеткізді: 4 «күміс» және 3 «қола».

Күміс жүлдегерлер:

  • Руфат Хабибулин - 100 м жүгіру, T-64;
  • Әсем Жанәділова – найза лақтыру, F-57;
  • Есболат Балбаев – ядро итеру, F-53;
  • Гүлбақыт Қайыржанова – найза лақтыру, F-12;

Қола жүлдегерлер: 

  • Еламан Жоламан – найза лақтыру, F-35;
  • Әсем Жанәділова - диск лақтыру F-57;
  • Есболат Балбаев – найза лақтыру, F-53.

«Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При жарыстарында қазақстандық спортшылар лайықты деңгейде өнер көрсетіп, қанжығаға 7 медаль байлады. Бұл 2023 жылы Париж қаласында өтетін әлем чемпионатының алдындағы ірі рейтінгтік жарыс. Жарыс барысында еліміздің 3 спортшысы халықаралық классификациядан өтіп, өз спорттық класстарын алды: Жанәділова Әсем - F-57, Төлегенов Нәжмиден - T/F-35 және Исатаев Нұрлыбек - F-4. Паралимпиадалық жарыстардағы спорттық класстың басты мақсаты – спортшыларды дене мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты  арнайы топтарға бөліп, спорттық жарысты әділ ұйымдастыру», - деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы  Мәулен Нәсіпқали. 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс: Әшімханова Құралай, Тел: +7 7071455734