Алматы және Атырау облысы жылдың қорытынды статистикалық есебін қорғады

Алматы және Атырау облысы жылдың қорытынды статистикалық есебін қорғады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде облыстардан жылдың қорытынды статистикалық есебін қабылдау өтіп жатыр.

Бүгін Алматы және Атырау облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы мен жауапты мамандары жылдың қорытынды есебін жұмыс комиссиясының отырысында қорғады. Атап айтқанда олимпиадалық және олимпиадалық емес, бұқаралық, ұлттық спорт түрлері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жайын баяндады. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған секциялардың санын арттыру, биылдан бастап іске асырылып жатқан спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының 8 айдағы нәтижесін жеткізді.

Комитет төрағасының орынбасары Бекболат Байжановтың төрағалығымен өткен жиында барлық басқарма басшысынан жасақталған комиссия өңірлердің есебіне қатысты сын-ескертпелерін айтты. Отырыстың соңында Алматы және Атырау облысының өкілдеріне әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар берілді.