Дене шынықтыру және спорт саласындағы ұлттық цифрлық платформаны тестілеу бойынша комиссия отырысы өтті

Дене шынықтыру және спорт саласындағы ұлттық цифрлық платформаны тестілеу бойынша комиссия отырысы өтті

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде Е-sport сервистік бағдарламасын функционалдық тестілеу бойынша комиссия отырысы өтті.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы ұлттық цифрлық платформаның жұмысына арналған онлайн форматтағы жиналысқа Комитет төрағасының орынбасарлары – Бекболат Байжанов, Айгүл Бектенова, басқарма басшылары мен тапсырыс берушілер қатысты.

Отырыс барысында Е-sport қызмет көрсету бағдарламасындағы өзгерістер жөнінде айтылды.

Айта кетейік, «Дене шынықтыру және спорттың ұлттық цифрлық платформасы (Е-sport)» – бұл спорт атақтары мен разядтарын беру жүйесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Онда жарыстардың нәтижесі онлайн көрсетіліп, тиісті атақтар мен разрядтарды спортшылар автоматты түрде алады.

Жалпы E-sport үш модульден тұрады. Біріншісі, жарыстарды, турнирлерді басқару. Спорт күнтізбе түгелдей цифрландырылады. Екіншісі, спортшылар мен жаттықтырушылардың құжаттары, электронды құжаттар. Жүйе жарыс жеңімпаздарын белгілеп, тіркеп отырады. Кейін спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі атақ, басымдылық алу үшін уақыт жұмсап, құжат жинамайды. Осылайша, көптеген жұмыс ортақ тұғырнама арқылы жүзеге асырылады. Үшінші, модуль еліміздегі барлық спорт нысанды цифрландыру.