Алан Құрманғалиев үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Кеше Оман астанасы Маскат қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен (WTT) әлемдік жасөспірімдер кезеңінде Алан Құрманғалиев екі медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын алды.

Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында 1/16-да ливандық Мохаммад Байрутиді (3:0), 1/8-де үндістандық Прейеш Суреш Радждан (3:0), ширек финалда ирандық Самран Каримиден (3:1), жартылай финалда Сауд Арабиясының өкілі Халиф Әл-Шарифтен (3:1) басым түскенімен, ақтық сында үндістандық спортшымен болған тартысты ойында 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал 15 жасқа дейінгі құрдастарымен болған сында финалда үндістандық Анкур Бхаттачарджиден 3:2 есебімен айласын асырды.

15 қазанда мәресіне жететін бәсекеге 17 мемлекеттің спортшысы қатысып жатыр.