Бүгін Сауд Арабиясының Жидда қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Рахат Бекболат чемпион атанды. 102 келіден жоғары салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық атлет қоссайыстың қорытындысы бойынша 355 келіні (155+200) ырқына көндірді.
Түркиялық Танер Чаглар күміс медаль иеленсе (337 кг), үздік үштікті ирактық Аммар Рубайави Әли (334 кг) түйіндеді.
Енді ертең елорда уақытымен сағат 14:00-де 81 килодан жоғары салмақта Руфина Шалқарова жүлдеге таласады. Бұл әлем чемпионатына еліміздің атынан екі спортшы ғана аттанды.