Жапонияның Тиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Д тобына түскен қазақстан құрамасы үш ойын өткізіп, өкінішке қарай, бәрінде жеңілді. Чемпионаттың алғашқы күні Борис Гребенников шәкірттері Қытайдың Тайбейіне үш партияда жол берді (20:25, 22:25, 19:25). Ертесіне екінші матчта оңтүстік кореялық волейболшыларға да үш партияда есе жіберді (21:25, 17:25, 16:25). Ал 14 қыркүйекте Сауд Арабия құрамасымен болған тартысты матч қарсыластың пайдасына аяқталды (23:25, 21:25, 23:25).
Енді 16 қыркүйекте ұлттық құрама соңғы турда Тайландпен ойнап, 9 бен 16 арасынындағы орындарды анықтайды. Айта кетейік, 12 қыркүйекте басталған сары құрлық бәсекесі 19 қыркүйекте аяқталады.