Бүгін ТМД елдері ойындарының соңғы жарыс күні өтті. Қазақстандық каратэшілер 11 медальге ие болып, жалпы командалық есепте көш бастады.
Алтын:
Әсел Қанай (кумите, 61 кг)
Лия Қошқарбаева (ката бағдарламасы)
Еркінбек Байтөреев (кумите, 60 кг)
Бейбарыс Жаңбыр (кумите, 84 кг)
Спандияр Еркебек (кумите, +84 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (кумите 75 кг)
Күміс:
Амангүл Дүйсенбай (кумите, 55 кг)
Орынбасар Ишманов (кумите, 67 кг)
Қола:
Мадина Алиманова (кумите, 50 кг)
Азамат Марат (кумите, 75 кг)
Рамазан Азизов (кумите, +84 кг);
Бұл спорт түрінен жалпыкомандалық есепте Ресей екінші, Әзірбайжан үшінші орын алды. Жалпы 12 жүлде жиынтығы (ұлдар мен қыздар 6 салмақ) сарапқа салынған каратэ бәсекесі 2000-2003 жылы дүниеге келген спортшылар қатысты. Айта кетейік, әр құрама бір салмақта екі спортшыдан қосуға мүмкіндік алды.